Бетпердесіз жолаушылардан аулақ болыңыздар!

Бетпердесіз жолаушылардан аулақ болыңыздар!

              Алматы қаласында, осы аптаның ішінде, жүргізілген тексерулер кезінде ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтамағаны үшін 52 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

              Айдың басынан бастап 222-ден астам автобуста мониторинг жүргізілді. №34, 36, 72, 73, 102, 135, 217, 120, 25 ,65, 66, 5, 19, 66, 141, 29, 202, 78, 23, 47, 118, 16, 67, 11 қала бағыттарында бұзушылықтар анықталды.

              Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық көлікте 688 автобусқа мониторинг жүргізілді, жолаушылар арасында 140 ереже бұзушы анықталды.

              Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.09.2021 жылғы № 29 "Карантиндік шектеулер туралы" Қаулысына сәйкес бетперде режимін сақтау және бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Алматы қаласы автопарктерінің басшыларына келесі мәселелерді бақылауға алу туралы ұйғарым шығарылды:

             - қоғамдық көлікте карантиндік шектеу талаптарын сақтауды ұйымдастыру, үйлестіру және ішкі бақылау үшін автопарктің жауапты тұлғасын бұйрықтармен бекіту; 

              - автопаркінің әрбір жүргізушісіне қоғамдық көлік салонында маска режимін сақтау бойынша ішкі бақылауды бұйрықтармен бекіту; 

              - маска режимін сақтау туралы белгілеулерді тұрақты негізде жаңарту және қоғамдық көлікте санитайзерлерді жеткілікті мөлшерде орналастыру;

              - қоғамдық көлік салонын (есік тұтқалары, креслолар, тұтқалар және т. б.) тұрақ орындарында тазалауды және дезинфекциялауды жүргізу;

                Қоғамдық көлік салонында тұрақты дыбыстық құлақтандыруды, оның ішінде жүргізушінің келесілерді ескертуге және ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті:

              - маскасыз жолаушыларға қоғамдық көлікке кіруге тыйым салу туралы;

              - маскаларды міндетті және дұрыс кию туралы;

              - маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы;

              - жолаушылардың бетперде режимін сақтауы және әкімшілік жауапкершілігі бойынша мониторингтік топтардың тұрақты жүргізетін рейдтері туралы.

                Өз кезегінде, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті қала тұрғындарын карантин режимін барынша жауапкершілікпен сақтауға шақырамыз: адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, ойын-сауық мекемелеріне олардың жұмыс режимінен тыс бармау, сондай-ақ вакцина мәселесін кейінге қалдырмау.