Қостанай облысының кәсіпорындарында қызметкерлер арасында мониторингтік тексеріс жүріп жатыр

Қостанай облысының кәсіпорындарында қызметкерлер арасында  мониторингтік тексеріс жүріп жатыр

             Жыл басынан бері Қостанай облысы бойынша мониторингтік топтар 12 101 рейдтік тексеру жүргізіп, карантиндік шаралардың 970 бұзушылығын анықтады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармаларының қызметкерлері 60 млн. теңгеден астам қаржыға 826 әкімшілік хаттама жасады.

             Карантиндік шараларды бақылауды қамтамасыз ету координациялық орталықтар арқылы да жүзеге асырылады. Ағымдағы кезеңде осы орталықтар арқылы барлығы 33 шұғыл хабарлама келіп түсті.

             15 қыркүйектен бастап аймақта кәсіпорын қызметкерлері бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен вакцина алғандар арасында тексерулер басталды. Енді мониторинг топ, бұрын белгіленген талаптардан басқа, тексерумен келген компаниялардың барлық қызметкерлерінің тізімін сұрайды. Объектілерде  вакцина алғандығын айғақтайтын және екпеден босату туралы құжаттары бар қызметкерлердің аты-жөні және ЖСН ұсынуы тиіс. Сондай-ақ мониторингтік топтың мүшелері ашық қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін іріктеп тексере алады. 

             Кәсіпорында "жасыл" мәртебеден өзге мәртебе иелері болса және медициналық көрсетілімдері туралы құжаттардың жоқ екендігі расталған жағдайда, мониторингтік топ аталған тұлғаларға құжат толтырылып және шешім қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жібереді. Компания басшылығына вакцинацияланбаған қызметкерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу бойынша түсініктемелер беріледі.

            Бүгінгі күні рейдтер барысында Қостанай облысында қызметкерлерді вакцинациясыз жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілері анықталған жоқ.