
13 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодар облысында "Спутник V" бірінші компонентімен 230 906 адам, екінші компонентімен өңірдің 206 637 тұрғыны егілді.
QazVac вакцинасының бірінші компонентімен 6 621 адам, екінші компонентпен 5 386 адам егілді.
Коронавак вакцинасының бірінші компонентімен 13 964 адам егілді, екінші компонентті 13 410 адам алды.
Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін облыстың 19 979 тұрғыны, екінші компонентін 19 429 адам алды.
Сондай-ақ, аймаққа қытайлық Sinopharm концерні шығарған Vero Cell вакцинасы келді. Бірінші компонентпен 15 414 адам, екінші компонентпен 1 548 адам егілді.
Жалпы, Павлодар облысы бойынша вакцинаның алғашқы дозасын 286 884 адам алды, иммундау курсын 246 410 тұрғын аяқтады.