
Қостанай облысының халқын COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 12 қыркүйек күні таңертең 50% - дан асты. 1 компонентпен тиісті тұрғындардан 308 616 адам (61,1%), 2 компонентпен – 265 805 адам (52,6%) егілді. 1 компонент вакцинасының қалдығы -74 192 доза, 2 компонент- 74 073 доза.
Облыста ҚР-да қолдануға рұқсат етілген вакциналар қолданылады: Спутник V, QazVac, Sinopharm, Sinovac
Адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинациялау үшін «KostanayPlaza» сауда-ойын-сауық орталығында, «CityKostanai» бизнес орталығында, «Емшан» сауда орталығында, «Астықжан» супермаркетінде жеке егу кабинеттері ашылды. Рудный қаласында «ОӘД» сауда орталығында вакцинация кабинеті ашылды.
Сондай-ақ, Yutong автобусы базасында жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер ұйымдастырылды, олар шалғай және халық тығыз орналасқан аудандардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы жасалды. Мобильді пункттер вакциналарды тасымалдау, сақтау және қауіпсіз енгізу бойынша талаптарды сақтау үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қамту деңгейін арттыру үшін КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу бойынша аулаларды аралау ұйымдастырылды, осы жұмыс барысында 2812 адам вакцинациялаумен қамтылды.