Үлкен айыппұлдар мен өзгелердің қауіпсіздігі бұзушыларға маңызды болмауда

Үлкен айыппұлдар мен өзгелердің қауіпсіздігі бұзушыларға маңызды болмауда

              Бүгінде Ақмола облысында ASHYQ қосымшасы бойынша 4330 объект жұмыс істейді. Жүйе санитариялық-карантиндік режим кезеңінде нысандарға кіргісі келетін адамның коронавирустық мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Егер тұлғада статусы қызыл болса, демек, сол адам инфекцияны жұқтырған, сәйкесінше, 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынады.

              Бірақ айыппұл барлық жұқтырған жандарды қорқыта бермейді. Кейбіреулер ауру екенін біле тұра, өздерін жұқтырушы деп санамайды, өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтамай, адамдар көп жиналатын жерлерге барады және ел ішінде қозғалады.

              Осылайша, ASHYQ жобасын енгізу басталғаннан бері өңірде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзудың 1750 жағдайы анықталған, оның ішінде инфекцияны жұқтырған 1330 адам «қызыл» статусы бар, 420 адам «сары» статусы бар.

              Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін облыстың 302 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған "қызыл" мәртебесі бар тәртіп бұзушыларға қатысты санитариялық қызмет әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау бойынша жұмыс жүргізуде.

              Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР-тесті оң және "сары" мәртебесі бар азаматтарды 14 күндік үй карантинін сақтауға шақырады. Қоғамдық орындарда жүргенде, сіз COVID-19 індетін тасымалдайсыз, қауіпті топқа жататын иммунитеті төмен азаматтарды, қарттарды және әсіресе балаларға жұқтыруыңыз әбден мүмкін.