
Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырды. Қалада жұқтыру деңгейі төмендегенімен, босаңсуға әлі де болмайды. Жыл басынан бері 137,2 мың КВИ жағдайы тіркелді, тамызда - 46,9 мың жағдай, қыркүйек айының басынан бері тіркелгені - 8 916 жағдай.
«Тынышталуға әлі ерте, жұмысты жалғастыруымыз керек, дерт жұқтыру саны әлі де жоғары. Қала әлі де «қызыл» аймақта. Біздің міндет – дертті шектеу шараларын қолдану арқылы төмендету. Мұнда бәріміз жауапкершілік танытуға тиіспіз – кәсіпкерлер де, тұрғындар да », - деді Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қала тұрғындары арасында ауру жағдайының төмендеуі 25 тамыздағы 1605-тен 8 қыркүйекте 976-ға дейін тіркелді.
Бұл төмендеу бүгінде Алматы тұрғындарының 46% иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күніне 3-4 мыңға жуық адам вакцина алады. Бұл көрсеткіш аз емес, алайда бір ай бұрын күніне 10-12 мыңға жуық адам вакцина алған еді.
Бүгінде вакцинациямен қамту бірінші компонентпен - 45%, яғни 899 784 адамды, екінші компонентпен - 39% - 779 870 адамды құрады. Қала тұрғындарының алдында вакцина алғандардың санын мүмкіндігінше тезірек 75%-ға дейін немесе одан да көп көрсеткішке жеткізу міндеті тұр.
Вакцинаның тиімділігіне күмәндануды тоқтатуға керек. Әсіресе Ж. Бекшиннің ұсынымы бойынша егде жастағы адамдардың вакциналануы өте маңызды. Сонымен қатар, мегаполистің бас санитариялық дәрігері жастарды тәртіпке шақырды, өйткені олар – коронавирустың гипер таратушылары.
Жалпы, вакциналар 100 пайыз қорғауды қамтамасыз етпейтінін түсінеміз. Алайда, олардың «дельта» штаммына қарсы қуаты 80%-дан асады. Вакцинацияланған алматылықтардың аурухана төсегіне 20 есе аз түсетіні атап өтілді.
Эпидемияны одан әрі төмендетуді және білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын штаттық режимде жалғастыруды қамтамасыз ету мақсатында тағы да халықты тез арада вакцина алуға және қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын объектілерге (түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге) бармауға, үй жағдайында жаппай іс-шараларды шектеуге шақырамыз.