СҚО - да сырттан әкелінген коронавирус жағдайлары туралы

СҚО - да сырттан әкелінген коронавирус жағдайлары туралы

              Солтүстік Қазақстан облысында шет елдерден келген адамдардың арасында КВИ жағдайларының тіркелуі байқалады. Негізінен Ресей Федерациясынан келген.

             Мәселен, 2021 жылдың 6 қыркүйегінде Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 783 адам өткен (Жаңа жол бекеті арқылы - 367 адам, Қарақоға бекеті арқылы - 313 адам, Бидайық бекеті арқылы - 103 адам), жаяу жолаушылардың 555-де ПТР-талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған. Анықтамасыз келген 6 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленген.

             2020 жылғы 6 қазан мен 2021 жылғы 6 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 242 061 адам өткен. Оның ішінде жаяу жолаушы – 123 614 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. Анықтамасыз келген -5 356 адам ҚР азаматтары және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.

             Осы кезеңде COVID-19-ға оң нәтижемен 315 адам анықталды, оның ішінде 41 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 274 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді.

             Сонымен қатар, 1316 шетелдік азаматқа COVID-19 ПТР тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды. Келгендердің арасында, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған -11907 қазақстандық азамат (8629– жаяу және 3278-жүк тасымалдаушы) келді.