
2021 жылдың 01 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында, соның ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде 39 медицина ұйымдарында 74 егу бөлмелері жұмыс жасауда. 2021 жылдың 06 қыркүйегіндегі жағдай бойынша екпенің І - компонентімен 434813 адам (81,1 %). ІІ - компонентпен 358792 адам (66,9 %) вирусқа қарсы егілді.
Кәсіби тобына қарай медицина қызметкерлері - 15406, білім беру саласындағы қызметкерлер (мұғалімдер және т.т) - 22886, арнайы жабық мекеме қызметкерлері - 795, мемлекеттік қызметкерлер - 3118, 1- студенттер - 5349, күш құрылымдар қызметкерлері - 7692, созылмалы аурулары бар адамдар - 62381 және басқа топтағы екпе алғандар саны 307186 адамды құрады. Вакцина салдырғаннан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.
Шымкент қаласы бойынша 113 өнеркәсіп нысаны бар. Онда 21950 қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда олардың 21750 - і (99,1%) вирусқа қарсы препараттың I - компонентін салдырған болса, II - компонентпен 24229 (96%) адам қамтылды. Сала мамандарының қатысуымен санитариялық ағарту жұмыстарының белсенді жүргізілуінің нәтижесінде біршама ірі және шағын кәсіпорындар өз қарамағындағы қызметкерлерді толығымен 2 компоненттік егумен қамтып отыр.
Атап айтқанда, «Рахат – Шымкент» ЖШС, «Asia – Trafo» ЖШС, «Экофарм - интернейшнл» ЖШС, «Зерде – Керамика» ЖШС, «Ремонтно – монтажное управление» ЖШС, «Ладушки» ЖШС ұжымы 100% вакциналанды.
Коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қысқа мерзімде пандемияны тоқтатуға мүмкіндік береді, сондықтан Шымкент қаласының 18 жастан асқан, қарсы көрсетілімдері жоқ барлық тұрғындарына COVID - 19-ға қарсы вакцинациялау ұсынылады.