Карантин режимін бұзушылар 5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Карантин режимін бұзушылар 5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

           Қарағанды облысында  «Ashyq» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері кей азаматтар тарапынан  санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмайтындығы байқалды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей,  COVID-19 індетімен ауырғандар және олармен  байланыста болғандар өзін-өзі оқшаулау тәртібін елемей қоғамдық орындарға баруды әлі де жалғастыруда.

          Вирус жұқтырған болсаңыз немесе науқаспен тығыз қарым-қатынаста болсаңыз 14 күндік оқшаулану талаптарын орындау керек, дегенмен кей тұрғындар бұл талапқа шыдай алмай, қоғамдық орындарға барып, көңіл көтеруді қалайды. "Ashyq" жүйесінің арқасында қоғамдық орындарға баруға тырысқан "карантиндік мәртебесі" бар 6 мыңнан астам азамат анықталды.

          "Ashyq" қосымшасының деректері бойынша ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін Қарағанды облысында адамдар көп жиналатын жерлерге екі аптаға оқшаулауға жататын 6239 келуші, оның ішінде "қызыл" мәртебесі бар - 5350, "сары" мәртебесі бар – 889 адамның барғандығы анықталған.

          Осы бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 4 419 255 теңге көлемінде  98 әкімшілік хаттама толтырылды.