
Коронавирус қаупі әлі де сейілмей тұр, дегенмен вирус жұқтыру көрсеткіштері төмендей бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда карантиндік шаралар жеңілдейтіні туралы айтты.
Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 130,9 мың, тамызда 46,9 мың жағдайы тіркелген. СOVID-19 инфекциясының "дельта" штамының таралуымен күрделенген эпидахуал
25 тамыздан бастап төмендей бастады. 2 қыркүйекте аурушаңдық көрсеткіші 1 605-тен 1 259 жағдайға дейін азайды. Бұл көрсеткіштің төмендеуі Алматы қаласы халқының 45%-ның вирусқа қарсы иммундық қорғанышының қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта күн сайын коронавирусқа қарсы 3 мыңға жуық адам екпе алуда.
Бүгінде қаланың жалпы тұрғындарының 44%-ы (878 336 адам) вакцинаның бірінші компонентімен егілді, екінші компонентпен вакциналанғандар саны - 37,9% (756 156 адам). Алайда мықты иммундық қорғаныш қалыптастыру үшін вакциналанғандар санын 70%-ға дейін немесе одан жоғары көрсеткішке жеткізу қажет.
Осы сенбі, 4 қыркүйектен бастап Алматыда «эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты» карантин жеңілдетілді.
Қаулыға сәйкес демалыс күндері “Ashyq” қосымшасында жұмысшылар мен келушілерде «жасыл статусы» бар кәсіпкерлік нысандардың қызметіне рұқсат етілген, “жасыл статус” - вакциналанған немесе бір аптадан аз уақытта тапсырған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар адамдар. Дүйсенбіден бастап жұмыс күндері кәсіпкерлік нысандарға түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Карантиндік шараларды жеңілдету цифрлық технологияларды, яғни “Ashyq “қосымшасын қолдану арқылы мүмкін болды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады.
Қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы эпидемиологиялық зерттеулердің қорытындысы 20-39 жас аралығындағы азаматтарда коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші - 35%, 40-59 жас аралығындағы адамдарда - 24% және 60 жастан асқандар арасында 23% құрайтынын мәлімдеді.
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі қауіпті орындары бұл сауда нүктелері - 33%, отбасылық байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 17%, базарлар - 13% болып табылады.
Эпидемияны одан әрі төмендетуді және білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын штаттық режимде жалғастыруды қамтамасыз ету мақсатында халықты жедел вакцинациялауға және қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын объектілерге (түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге) бармауға, үй жағдайында бұқаралық іс-шараларды өткізуді шектеуге және өзін-өзі оқшаулау режимін ("қызыл" және "сары" статусы анқталған адамдарға қатысты) сақтауға шақырамыз.