Қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады

Қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады

                Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып тұр. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың республикалық матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы ағымдағы жылдың 9-шілдесінен бастап «қызыл аймақта».

               Облыс бойынша бақылауда 395 жалпы білім беру ұйымдары бар, онда 159 693 оқушы оқиды. Өткен оқу жылында (1 қыркүйек 2020 ж. бастап 19 маусым 2021 ж. дейін) оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 625 жағдайы тіркелді, оның ішінде 291 (46,5%) күндізгі режимде (офлайн) оқығандар, 334 (53,5%)- қашықтықтан. Оқу жылы ішінде 178 (3,1%) педагог ауырып қалды.

                2021 жылдың 27 тамызында Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №34 «Ақтөбе облысы бойынша 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы шығуына байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып мектептерде жаңа оқу жылы дәстүрлі штаттық форматта басталатын болады.

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптар:

- педагогтарды, персоналды және білім алушыларды күнделікті «кіру» сүзгісімен (байланыссыз термометрмен термометрия) қамтамасыз етілуі қажет;

- облыстың барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылулары қажет;

- «Бір сынып – бір кабинет» қағидаты сақталады;

- әрбір қабатта қолжетімді жерлерде  және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылуы тиіс;

- балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді;

- бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.) өткізуге және мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

- жатақханаға COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттер орналастырылады (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі), бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған.

               Сондай-ақ, білім беру объектілерінің мұғалімдері арасында жаппай вакцинациялаудың маңыздылығын атап өткен жөн, 20335 мұғалімі екпе алды.

                Бүгінгі күні инфекцияның таралу тізбегін үзуге мүмкіндік беретін алдын алу және профилактикалық  тиімді іс-қимылдар бойынша жұмысты жалғастыру, яғни халықты коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинациялау және біздің облыс азаматтарының карантин шарттары мен шектеу шараларын қатаң сақтауы өте маңызды.