
Бұл сұраққа Елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсіндірме берді.
Еліміздегі білім ұялары жаңа оқу жылын дәстүрлі оффлайн форматта бастағаны белгілі. Сондықтан COVID-19-дың таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды: Нұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындары "Ashyq" жобасына қосылды және мұғалімдердің 99% вакцинацияланды. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, студенттер мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, интернаттар мен жатақханаларға, асханалар мен буфеттерге тек "Ashyq" қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар арқылы (мысалы, eGovmobile платформасындағы аналогы, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Kaspi.kz, HalykBank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) жіберіледі.
Педагогтар мен білім алушылар арасында міндетті бетперде режим сақталады. Сондай-ақ, ҚР БМСД 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 Қаулысына сәйкес 12 жастан асқан балалар, оның ішінде 18 жасқа толмаған студенттер білім беру объектілеріне ерікті түрде тіркелген ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен "Ashyq"қосымшасы арқылы жіберіледі. Компьютерлік клубтарға, циркке, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік көліктерімен жүру кезінде де аталған талаптар қолданылады.
Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде байланыста болған балаларды оқшаулау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
-сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде-сынып (топ) 14 күнге үй карантиніне оқшаулауға жіберіледі;
-орта білім беру ұйымдарында 1 инкубациялық кезеңде бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары тіркелген кезде-ауысым 14 күнге үй карантиніне оқшаулануға жатады;
- колледждерде, жоғары оқу орындарында, 1 инкубациялық кезеңде бір ағын топтарының 30%-дан астамында COVID-19 ауруының деректері тіркелген жағдайда ауысым 14 күнге үй карантиніне оқшаулануға жатады;
ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына карантин енгізу мәселесі ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісіледі.