Қымбатқа түскен қыдыру – карантин режимін бұзған батысқазақстандықтар 3 млн теңге шамасында айыппұл төлеулеріне тура келеді

Қымбатқа түскен қыдыру – карантин режимін бұзған батысқазақстандықтар 3 млн теңге шамасында айыппұл төлеулеріне тура келеді

          Батыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері кейбір азаматтардың қоршаған ортаға деген санитариялық-эпидемиологиялық жауапкершілігінің төмен екендігі байқалды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей COVID-19-бен ауырғандар және олармен байланыста болғандар карантиндік шараларды сақтамай, оқшаулау режимін бұзып қоғамдық орындарға бару жағдайлары тіркелу үстінде.

           "Ashyq" қосымшасының деректері бойынша тамыз айында Батыс Қазақстан облысында адамдар көп жиналатын жерлерге екі аптаға оқшаулауға жататын 596 келуші анықталған, оның ішінде "қызыл" мәртебесі бар-351, "сары" мәртебесі бар – 245 адам. Үй карантинін бұзушылардың ең көбі Орал қаласында тіркелді. ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 237 азамат және жұқтырғандармен байланыста болған 137 адам ойын сауық орталықтарында, тамақтану орындары, базарлар мен ірі сауда желілеріне кіруге тырысқан.

         Анықталған бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 2 683 640 теңге көлемінде 62 әкімшілік хаттама толтырылды.