
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиялық таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі – жаппай вакцина салу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін ескертеді.
Бүгінгі күні елімізде вирусқа қарсы вакциналауға жататын 9 млн 970 000 азамат бар. Медициналық ақпараттық жүйенің деректеріне сәйкес вакциналаудың бірінші кезеңінен 6 млн 709 478 адам өтті, бұл екпе салдыруға тиіс контингенттің 67,3 % құрайды. Вакцинаның екі компонентін де салдырғандар саны 5 млн 502 652 адамға жетті. Екпе алған адамдар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Елімізде тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау барысы белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Вакцина қоры жеткілікті. Бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға қарсы препараттың 1-компонентінің 8 185695 дозасы, II- компонентінің 6 416 400 доза елге жеткізілді. Елдің бірқатар облыстарында вакциналау барысы қарқынды жүзеге асырылуда. Алғашқы үштіктің көшін Алматы қаласы мен Алматы, Түркістан облыстары бастап тұр.
Вакциналаудың қауіпсіздігі, тиімділігі мен пандемия кезіндегі маңыздылығы туралы кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде халық арасында екпе туралы теріс пікірлер қатары да бәсеңдеген.