Вакциналаудан бас тарту - бала саулығына төнген қауіп

Вакциналаудан бас тарту - бала саулығына төнген қауіп

           Вакциналау көмегімен жеткен жетістіктердің жарқын үлгісі ретінде табиғи шешектің жойылуын ерекше атап өтуге болады. Әлемде 1977 жылдың қазанынан бастап шешектің бір де бір жағдайы тіркелмеген, бұл осы инфекцияның жойылуын 1980 жылы ресми түрде мәлімдеуге мүмкіндік берді. Шешектің жойылуы белсенді иммундау әдісінің көмегімен басқа да инфекцияларды жою үшін үлгі болды.

           Қазақстан 2002 жылы полиомиелиттен еркін аумақ ретінде сертификатталған. Алайда, Африканың бірқатар елдерінде, Пәкістанда, Ауғанстанда және Үндістанда полиомиелиттің жабайы вирусының айналымы жалғасуда, инфекцияның тасымалдану қаупі сақталуда, сондықтан полиомиелитке қарсы вакцинация жүргізу жалғасуда. Иммундау көмегімен инфекциялық ауруларды және олардан болатын өлім-жітімді төмендету үшін көптеген жұмыстар атқарылды.

Соңғы 20 жыл ішінде:

- қызамық  2540 еседен артық;

- эпидемиялық паротит 310 еседен артық;

- «В» вирустық гепатитімен сырқаттанушылық халық арасында 54 есеге, ал осы инфекцияға қарсы егілетін балалар арасында 112 есеге төмендегені байқалады (ВВГ қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді),

- көкжөтелмен сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі сақталуда, дифтерияның, сіреспенің санаулы ғана жағдайлары тіркеледі.

           Инфекционист дәрігерлер, педиатрлар балаларда «В» гепатитінің клиникасын ұмыта бастағандарын ризашылықпен айтады, себебі соңғы жылдары «В» гепатиті балаларда өте сирек кездеседі. Иммундацдан кейінгі қол жеткен табыстардың арқасында инфекциялардың қаншалықты ауыр өтетіндігін ұмыта бастадық. Барлығы сәтті деген жалған пікір қалыптасты. Осыған орай: бізге вакцина керек пе және олар қауіпсіз бе? деген сұрақ туындады. Осыған байланысты, санэпидқызметімен вакцинапрофилактиканың маңыздылығы  туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі, сондай-ақ халықпен, әсіресе діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналардың сапасын жақсарту жөнінде бірқатар шара қолданады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған вакциналар сатып алынады, егуден кейін реакцияларды сирек кездесетін жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакциналарға ауысу іске асырылған. Профилактикалық егулерден бас тарта отырып ата-аналар баласының инфекциялардан және оның салдарларынан өзін қорғау құқығынан айыратынын есте сақтау қажет. Осыған байланысты, Маңғыстау облысының cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакциналық қорғанысының болуын тексеруді және иммундау болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуді ұсынады.