
Ертең оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылы басталады. 18 жасқа дейінгі оқушыларға вакцина салмауға рұқсат етілген, ал студенттерге ше?
Павлодар облысында бүгінде төрт жоғары оқу орны бар, онда білім алатын студенттердің жасы 18-ден асқандықтан вакцинациялауға жатады және жалпы статистикаға енеді.
Алайда, өңірдегі студенттер саны 18 мыңға жуық тағы 45 орта оқу орны бар, соның ішінен 18 жасқа толған студенттердің саны 6464 болса, олардың 5923 –і иммундауға жатады. 31 тамыздағы жағдай бойынша 2889 студент, яғни 49%-ы екпе алды.
Республиканың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысына сәйкес, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқыту штаттық режимде өтеді.
Оқыту шарттарының бірі білім беру ұйымына кірген кезде «Ashyq» қосымшасын енгізу-педагогтарды, персоналды, ата-аналарды немесе заңды өкілдерді, жасы 18 және одан асқан білім алушыларды QR-код (check-in) бойынша тіркеу, күнделікті таңертеңгі сүзгі жүргізу, дезинфекциялық режим және т. б.
Жатақханаларға COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар студенттер орналасады. Бұдан басқа, 18 жасқа толмаған немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырған студенттер де жатақханаға орналаса алады.Алайда, оқу орнының жатақханаларының аумағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Шетелдік студенттерді күндізгі оқу форматына жіберу талаптары ҚР БМСД ағымдағы жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысының 2-тармағының 5-тармағында жазылған. Талаптарда тұратын елдің уәкілетті органы вакцинация анықтамасымен/куәлігімен растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесінің болу қажеттігі көрсетілген.