Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді цифрландыру туралы

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді цифрландыру туралы

      Қазақстан Республикасының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің  Цифрландыру басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді  цифрландыру мақсатында  тұжырымдама әзірледі. 2021-2023 жылдары жүзеге асыруға арналған  концепцияда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жұмыстарын  автоматтандырудың тиімділіктері жан-жақты қарастырылған.  Тұжырымдама аясында Мамандардың санитарлық-гигиеналық қадағалау, техникалық регламент, талдау бөлімдерінің қызметтерін цифрландыру көзделген.

     Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру нақты мәліметтерді автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірлердегі санитариялық - эпидемиологиялық жағдайды объективті талдау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша кәсіптік бағалау және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады.

      Қазіргі таңда  басты проблемалардың бірі - Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерін, ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамтитын ақпаратты, құжат айналымын, өңдеу және сақтау үшін бірыңғай автоматтандырылған жүйенің болмауы.  Сол себепті құжаттарды өңдеу, қызметтік тексеру, мамандар қызметін үйлестіру және бақылаудағы мерзімдер мен регламенттерді сақтауда қиындықтар туындайтыны анық. Аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан мәліметтер e-mail арқылы келіп түседі. Ортақ цифрлық жүйе қалыптаспағандықтан ақпаратты өңдеу, деректерді дайындау, қызмет көрсету барысында кедергілер туындайды.

     Халықаралық тәжірибеде РФ, Беларусь т.б мемлекеттер   автоматтандырылған жүйеге көшкен.  Беларусияда  2022 жылға дейінгі кезеңге арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы іске асырылды. Сондай-ақ, Польшаның тәжірибесін атап өтуге болады, онда санитарлық-эпидемиологиялық станция жобасын іске асыру мерзімі 2004-2006 ж. аралығында пилоттық бағдарламаның қажеттіліктері үшін GISK-NET арнайы жүйесі жасалды. GISKNET-бұл жұқпалы ауруларды бақылау және бағамдау жүйесі үшін жиналған деректерді талдау үшін қолданылатын IT  жүйесі.