
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Республиканың барлық аймақтарында, соның ішінде Жамбыл облысында коронавирус індетіне қарсы вакцинациялау басталды. 18 жастан жоғары 582 мың облыс тұрғыны вакцина алуға қабілетті. Қазіргі уақытта коронавирус індетіне қарсы вакцина салдыру облыста 10 жылжымалы медициналық кешенде, 30 көшпелі екпе жүргізетін бригадалармен және медицина ұйымдарының 117 екпе кабинеттерінде жүргізіліп отыр.
Екпенің екі рет салынатынын ескере отырып, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа:
- 16 990 доза Қазақстанда жасалған QazCovid-in вакцинасы 8495 адамға;
- Ресейлік Спутник V вакцинасының І компонентінен 338 910 дозасы және 258 040 доза ІІ компоненті;
- Қытайда жасалған Hayat-Vax вакцинасының 60000 дозасы 30000 адамға;
- Қытайда жасалған CoronaVac вакцинасының 34 000 дозасы 17 000 адамға;
- Қытайда жасалған Sinopharm VeroCell вакцинасының 22000 дозасы І компоненті жеткізілді.
Қазіргі уақытта емханалардың екпе кабинеттерінде Спутник V және Sinopharm VeroCell вакциналары бар. 2021 жылдың 25 тамызындағы мәлімет бойынша екпенің І компонентімен 350 407 адам қамтылды (60,2%), оның 8368-і отандық вакцинаны таңдаса, 290 047 адам Спутник V және 29 911 тұрғын Hayat-Vax, 17 000 адам CoronaVac, 5158 адам Sinopharm VeroCell вакциналарын салдырды.
Кәсіби тобына қарай 18 909 медицина қызметкері, 37 784 білім беру саласының мамандары, 19 053 арнайы мекеме қызметкерлер, 7 406 мемлекеттік қызметкерлер және 267 255 басқа топтағы адамдар екпе алды. Екінші компонентпен 264 632 адам (45,5%) қамтылды. Вакцина салдырғандар арасында екпенің жанама әсері тіркелмеді.