
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады.
1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:
- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары - "ASHYQ" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;
- сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.
2. Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:
- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.
- Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін а. ж. 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері а. ж. 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:
медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "ASHYQ" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.