Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған

Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған

     Зейнет жасындағы ел тұрғындары қоғам денсаулығын сақтауға белсенді үлес қосып отыр. 24 тамыздағы мәлімет бойынша 70-79 жас аралығындағы  135 938 қария І компонентпен қамтылса, олардың 106 932-сі толық вакцинация курсынан өтті. 80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер екпе салдырған.  Ал 90 жастан асқан 1417 қария коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған. Олардың  басым бөлігі  Шығыс Қазақстан (264), Түркістан (250)  облыстары мен Алматы қаласының (210)  тұрғындары.