ШҚО мектептері жаңа оқу жылына дайын

ШҚО мектептері жаңа оқу жылына дайын

      Шығыс Қазақстан облысының оқушылар контингенті 198 624 оқушыны құрайды. Бүгінгі таңда ШҚО мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша 647 мектеп тексерілді. Биыл мектептерде оқу процесі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып, дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

Жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына орай білім беру нысандарын дайындау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде:

- облыстың барлық мектептері тікелей байланыссыз термометрлермен, бактерицидті шамдармен, санитайзерлермен, дезинфекциялық кілемшелермен, маскалармен, дезинфекциялық және сабын-жуу құралдарымен толық қамтамасыз етілген;

- облыстың барлық білім беру ұйымдарында 100% «ASHYQ» қосымшасы  енгізілген;

- білім беру ұйымдарының 29 562 педагогы вакцина алды, оның 21 251-і мектеп ұстаздары.

     Барлық білім беру нысандарында балалардың қауіпсіз болуы, оқуы және жеке гигиенаны сақтауы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Күршім аудунындағы 2 мектептен өзге беру нысандарының санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық жай-күйі тиісті талапқа сай келеді. Облыстағы 543 мектепте медициналық кабинеттер қарастырылған. Медициналық кабинеттер жоқ ауыл мектептерінің оқушыларына медициналық пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың мамандары қызмет көрсетеді. ШҚО СЭБД мамандары облыстық білім басқармасы құрған комиссия сапында сарапшы, консультанттар ретінде тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстың білім беру объектілері жаңа оқу жылына дайын деп танылды.