Инфекцияның негізгі таралу орындары – базарлар, дүкендер, тойлар

Инфекцияның негізгі таралу орындары –  базарлар, дүкендер, тойлар

    Түркістан облысы эпидемиологтары  науқастар арасында үнемі сауалнама  жүргізіп отырады. Зерделеу нәтижесінде  ауруды  жұқтыру көрсеткіші  вакцина алмағандар мен карантин режимін бұзғандар арасында жиі кездескені байқалады. Мәселен,  соңғы  аптада коронавирус және пневмония жағдайымен тіркелген  1 334 науқастардың арасында   31,2 % базарлар мен дүкендерге жиі баратындарын айтқан.  23,8 %   маска тақпағандарын мәлімдесе,  17% той-жиындарға  барғаннан кейін ауыра бастаған.  15%  қоғамдық көліктерде, 4%  жазғы демалыс аймақтарында болған.  Мамандардың мәліметінше науқастар сауалнама кезінде болжамды жұқтыру орындарын жасыруға тырысады. Бұл өз кезегінде   қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың сақталуы мен халық арасында COVID-19 инфекциясының толастамауына алып келеді.

     Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. Дегенмен карантиндік шектеу шаралары өз күшінде. Аймақта вакцина салдыруға қабілетті халықтың  937 мыңын  COVID-19 ға қарсы вакцинамен қамту жоспарда.  Ақпан айынан бүгінгі күнге дейін  I компонент  вакцинаның  736 455 дозасы, II компоненттен 545 825 доза жеткізілді. Вакцинаның I компонентін 698 720 азамат салдырды. Бұл жоспарланған халықтың 74,5%  құрайды. 525 642 тұрғын вакцинацияның толық курсынан өтті.