Көңіл көтеретін уақыт емес-COVID-19 қаупі сейілген жоқ

Көңіл көтеретін уақыт емес-COVID-19 қаупі сейілген жоқ

    Қатаң локдауннан және шектеу шаралары жеңілдегеннен кейін қазақстандықтар карантинді сақтау ережелерін бұза отырып, "босаңсып кетті" деп айтуға болады. Мемлекет коронавирустың жаңа толқынына жол бермеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың қатаң ережелерін қайта енгізді:

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию;

- кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына уақыттық шектеу енгізілді;

- "ASHYQ" жүйесінің талаптарын сақтамайтын объектілерде демалыс күндегі локдаун белгіленді.

    Осы талаптарға қарамастан кей тұлғалар санитариялық санкцияларды бұзуды жалғастыруда. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің және "ASHYQ" электрондық жүйесінің мамандары азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, ойын-сауық орталықтары және басқа да көпшілік баратын орындар саласында жұмыс істейтін кейбір кәсіпкерлік объектілері тарапынан адамдардың көп жиналуын болдырмау бойынша белгіленген ұйғарымдар сақталмайды. Осындай фактілердің жолын кесу үшін ел билігі ШОБ нысандарындағы бұзушылықтарды бақылау мақсатында мониторингтік топтар құрды.

    1 қаңтардан 18 тамызға дейін бұл жұмысшы топтар бизнес қызметінің түрлі салаларына 153 088 мың тексеру жүргізді.  Нәтижесінде 23 373 объектіде карантин режимін сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды. Ең көп құқық бұзушылар Шығыс Қазақстан облысында (11,3 %), Шымкент қаласында (8,5 %),   Алматы қаласында (9,3 %), Жамбыл облысында (7,5 %).

    Тіркелген 3 658 жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша келесі шаралар қабылданды: 3 537 ұйғарым берілді, 364 материал сотқа берілді, 104 ШОБ субъектілерінің қызметі тоқтатылды. Жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгеден астам сомаға 13 201 заңды және 8 531 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.