
Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Коронавирус індетінің таралуы артып отыр. Өткен аптада, оның алдыңғы аптамен салыстырғанда, облыстағы коронавируспен сырқаттану жағдайларының тіркелуі 1,1 есе көбейіп, аптасына 1822 жағдайдан 1965 жағдайға дейін өсті. Тәуліктік өсім 0,9 % құрады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 284 жағдай тіркелген, оның 264-інде ауру белгілері бар және 20-сы симптомсыз. Тамыз айындағы науқастардың жас құрамын талдау барысында коронавирустық инфекцияның балалар мен жастар арасында жиі тіркеліп жатқаны анықталды. Науқастанғандардың жалпы санынан бір жасқа дейінгі балалардың үлесі 2,5%-ды құраған. 14 жасқа дейінгі балалар 10,3%. 20-40 жас аралығындағы азаматтар арасында аурудың тұрақты өсуі алаңдаушылық туғызады, бұл жас тобының осы айдағы үлесі 29,3%-ға жетті. 40-59 жас аралығындағы жұқтырғандардың үлесі 27,3%-ды құрайды. 60 жастан асқан адамдарға 25,6% келеді.
Коронавирусты жұқтырудың негізгі ошақтары қатарында көздерінің туыстар, көршілер мен жұмыс орнындағы әріптестермен қарым-қатынас барысында, сауда және қоғамдық тамақтану орындарында инфекция жұқтыру жағдайларының өсімі байқалады.Сондай-ақ, аула ішілік азық-түлік және тұрмыстық дүкендерде инфекция жұқтыру жағдайларының үлесі 12,6%-ды құраған. Той, мерейтой, түрлі отбасылық іс-шаралар тәрізді адам көп жиналатын орындарда коронавирустың таралуы тіркеліп отыр. Індет жұқтыру орындары қатарында сауналар, ХҚКО, қоғамдық көліктің де үлесі жоғары.