Павлодар облысында КВИ таралуы ушығып отыр

Павлодар  облысында КВИ таралуы ушығып отыр

    Соңғы тәулік ішінде Павлодар облысында коронавирусты жұқтырудың  388  жағдайы тіркелді. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі облыстық маңыздағы қала тұрғындары. Бір тәулік ішінде Павлодар қаласында - 197,  Екібастұзда – 94 жағдай анықталып отыр. Сырқаттанғандардың 0,84%-ы немесе 293 тұрғын, вирусты өзге өңірден жұқтырып әкелген.

     Соңғы екі аптадағы COVID-19 көрсеткішінің өсімі  2 - 8 тамыз  аралығында – 6,7 %,  9 тамыздан  15 тамызға дейін    6,5  %-ды құраған. Эпидемиологтардың  мәліметі бойынша соңғы 7 күнде аралығында  өңірде  COVID-19 –дың 2319  жағдайы, ал алдыңғы аптада 5-11 тамыз аралығында  2073   жағдай тіркелген.

     Жалпы Павлодар  облысында коронавирус жұқтырудың 36 288  жағдайы тіркелді. Оның ішінде 28 086 науқас аурудың симптомды түріне шалдықса, 8142 тұрғында симптомсыз COVID-19 анықталды. КВИ жұқтырғандардың 55, 7 %-ы Павлодар қаласының тұрғындары.

     Індеттің 26474  ошағы тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға  шаққанда  4816,4-ке тең. 10 277 тұрғын (28,5%) науқастанған адаммен байланысқа түсіп, соның салдарынан ауру жұқтырған. 22 718 жағдайда (62,5%)  азаматтар медициналық ұйымдарға өздігінен жүгінсе, 2940 жағдай (8,07 %) профилактикалық тексеру барысында анықталды.

     Облыстың вирусологиялық зертханалары жалпы саны 642 006 ПТР - тест өткізген, оның ішінде соңғы  тәулікте 2 991  тест жасалды.