Оқшаулау режимін бұзған қарағандылықтар 2 275 260 теңге айыппұл төледі

Оқшаулау режимін бұзған қарағандылықтар 2 275 260 теңге айыппұл төледі

     Қарағанды облысында «Ashyq» жобасына қатысу үшін 1969 жеке кәсіпкерлер QR-код алды. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесіне QR-кодтар бойынша келуші тіркелген 71 нысан ие болды. Жұмыс алгоритмінің талаптарын бұзғаны үшін, яғни объекті тарапынан ең аз check-in көрсеткіші фактісі бойынша екі аптаға 314 объекті жобадан шығарылды.

«Ashyq» жобасына қатысушылар санының артуы нәтижесінде облыс бойынша 4 045 талап бұзушы анықталды, оның ішінде «қызыл»» мәртебесі бар – 3319, «сары» мәртебесі бар – 726 тұрғын тіркелді. Құқық бұзушылардың ең көп саны Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында тіркеліп, 1317 талап бұзушы анықталды. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында - 856, Жезқазған қаласында - 369, Теміртау қаласында - 337, Сәтбаев қаласында - 274, Балқаш қаласында – 178 талап бұзған тұрғын анықталды. Бүгінгі таңда COVID-19 бойынша  ПТР тесті оң болған облыс тұрғындары ХҚКО, әуежай, ТЖ вокзалы сияқты қоғамдық орындарға барған және «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін объектілерде қызметтерді пайдалануға тырысқан фактілер анықталып отыр. Мұндай жағдайлардың ең көп саны Қарағанды қаласының аталмыш аудандарында тіркелген.

Науқас азаматтар және олармен байланыста болған адамдар үйде оқшаулану режимін сақтамай отыр. Олар адамдар көп жиналатын объектілерге барып, өзге тұрғындарға вирус жұқтыру қаупін төндіруде. Үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 52 хаттама толтырылды. Қысқартылған өндіріс тәртібінде жалпы сомасы 2 275 260 теңгеге айыппұл өндірілді, яғни әр тәртіп бұзған қарағандылыққа 43 755 теңгеден.