«ASHYQ»: Алматы қаласында «қызыл статусты» 343 тұрғынға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

«ASHYQ»:  Алматы қаласында  «қызыл статусты» 343 тұрғынға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

      «Қызыл статусы» анықталған  тұрғындар (яғни, ПТР-тесті оң нәтижесі шыққан) 14 күндік үй карантинінде болуы тиіс және оларға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған, бірақ бұған қарамастан «қызыл статусы» анықталған Алматы тұрғындары өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамай отыр.

Алматы қаласында 23 шілде мен 16 тамыз аралығында «қызыл статусы» анықталған 343 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. COVID-19 бойынша ПТР тесті оң нәтижесі шыққан алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған тұрғындар қатарында банкир, университет қызметкерлері, сауда, білім беру ұйымдарының мамандары, байланыс, зейнетақы қоры, кеңсе, медицина, сауда, тамақтану, авиация және басқа да салалардың өкілдері болып табылады.

Алматы қаласында соңғы аптаның өзінде «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысанына кірген 1 239 тұрғында «қызыл статус», 194 тұрғында «сары статус» анықталды:

1) фитнес орталықтар, бассейндер – 41 тұрғында «қызыл»; «сары» - 4;

 2) моншалар, сауналар - 3 тұрғында «қызыл»;

3) компьютерлік клубтар – 5 тұрғында «қызыл»; «сары» - 5;

4) СПА орталықтары - 14 тұрғында «қызыл»; «сары» - 3;

5) кинотеатрлар-30 тұрғында «қызыл»; «сары»-1;

6) театрлар мен филармониялар - 23 тұрғында «қызыл»;

7) қоғамдық тамақтану объектілері – 347 тұрғында «қызыл», «сары» - 46;

8) әуежай – «қызыл статусы» бар 37 тұрғын; «сары» - 4;

9) ЖОО- 36 тұрғында «қызыл»; «сары» - 3;

10) ХҚКО- 55 тұрғында «қызыл»; «сары» - 9;

11) ТЖ, автовокзалдар – 14 тұрғында «қызыл»; «сары» - 2;

12) сауда – ойын-сауық орталықтары- 297 тұрғында «қызыл»; «сары» - 38;

13) көрмелер - 5 тұрғында «қызыл статус»;

14) базарлар –73 тұрғында «қызыл»; «сары» - 14;

15) ерікті қатысушылар (кеңселер; автоорталықтар, жүк тасымалдау, сақтандыру компаниялары, энергосбыт, казтелеком,қоймалар) – 94 тұрғында «қызыл статус»; «сары» - 36;

16) дүкендер - 82 тұрғында «қызыл статусы»; «сары» - 16;

17) банктер - 36 тұрғында «қызыл статусы»; «сары» - 3;

18) Қазпошта- 4 тұрғында «қызыл статусы»; «сары» - 1;

19) қонақ үйлер- 9 тұрғында «қызыл статусы»;

 20) көлік саласы - 21 тұрғында «қызыл статусы» анықталған;

Амбулаториялық ем қабылдап жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы тиіс.

Сонымен қатар,  «ASHYQ» жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз. «Қызыл статусы» анықталған тұрғындар тізімін Алматы қаласының СЭБД ресми сайтынан көре аласыздар.