Е. Тоғжанов ВАК отырысында: Қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді

Е. Тоғжанов ВАК отырысында: Қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді

     Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е.Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін Вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55%–ды, реанимациялық төсектердің жүктемесі-47%-ды құрайды.

Дегенмен Е. Тоғжанов бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинациялаумен қамту бойынша жұмыс белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағандығы атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:

- 2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

- қызмет көрсету саласында вакциналанбаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту.