Дифтерия денсаулық пен өмір үшін қауіпті

Дифтерия денсаулық пен өмір үшін қауіпті

     Республикалық жұқпалы аурулардың таралу қаупін бағалау көрсеткішіне сәйкес Маңғыстау облысының аумағында дифтерия жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты.  Дифтерияға қарсы вакцинациямен қамту көрсеткіші облыс аумағында 95%-ды құрап отыр. Дифтерия жұқпасы ауа-тыныс-тамшылы жолмен жұғады, науқаспен немесе тасымалдаушымен  жақын қарым-қатынаста болған жағдайда адамнан адамға таралады. Дифтерия жұқпасын  Clostridium diphtheria  қоздырғышы  тудырады. Дифтерия адамның кез-келген жасында және көбінесе ауруға қарсы егілмегендерге жұғады. Аталмыш ауру мұрын және жұтқыншақты зақымдайды. Алғашқы белгілері тамақ ауруы, тәбеттің жоғалуы, дене қызуының шамалы көтерілуі түрінде көрініс береді. Екі-үш күннің ішінде тамақта және миндалиндерде көгілдір, ақ немесе сұр қабыршақ пайда болады. Осы кезенде пациент сауығуы мүмкін, ауру бұдан әрі асқынса адам 6-10 күннің ішінде дүние салуы мүмкін.

Дифтерияның ауыр түрімен ауыратын науқаста дене кызуы қатты көтерілмеуі мумкін, бірақ адамның тыныстауына жол бермейтін тамақтың ісінуі пайда болады. Онымен науқастанған адамға дифтерияға қарсы тұнба және эритромицин, пенициллин тәрізді антибиотиктер егу қажет. Басқа адамдарға жұқтырудың алдын алу үшін науқастар оқшаулануы тиіс. Антибиотиктермен емдеуді бастаған сәттен екі күннен кейін науқастың ауруды өзгеге жұқтыруы тыйылады.  

Дифтерияның алдын алудың бірегей жолы – вакцинация. Вакцинацияның мақсаты дифтерия таяқшаларына қарсы ұзақмерзімді иммунитет қалыптастыру болып табылады. Вакцинация баланың 2 айлық жасынан бастап үш мәрте жасалады, ревакцинация баланың 1,5 жасында жасалады. Ересектер әр 10 жыл сайын егіледі.