Ақтөбеде карантинді де, коронавирусты да елемегендер анықталды

Ақтөбеде карантинді де, коронавирусты да елемегендер анықталды

     Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша анықталған бұзушылықтарға 66 027 270 теңге көлемінде 593 айыппұл салынды. Оның ішінде, қоғамдық тамақтандыру объектілері бойынша 22 334 035 теңгеге 149 айыппұл салынды. Сонымен қатар, Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама бойынша жоспардан тыс 51 объектіге тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша  52 объектіге 8 021 750 теңге көлемінде айыппұл салынды, 51 ұйғарым берілді. Карантин режимін бұзғандар қатарында мейрамханалар, дүкендер, лаундж бар және тағы басқа нысандар бар. Соңғы апта ішінде (2021 жылдың 9 тамызынан 14 тамызына дейін) карантин режимін бұзушылық бойынша 53 материал түсті. Оның ішінде, 19 материал қаралды, 52 материал жұмыс үстінде (өткен апталардағы материалдарды қосқанда).   13 материал дәлелдеу құжаттары жеткіліксіз болуына байланысты кері қайтарылды.

Соңғы аптадағы шектеу шараларын бұзған нысандарға айыппұлдар салынды,  атап айтқанда:

- салтанатты іс-шара өткізгендері үшін «Солнечный» демалыс орталығына, «Думаш», «Amira Grand Hall», «Андр» ресторан, кафелерге;

- бетперде режимін сақтамағаны үшін дүкендерге, Халыққа қызмет көрсету оралықтарына, «Ишхан» кафесіне, «Корнер лаунчж барына» және  25 маршрут автокөлігіне;

- карантин режимін сақтамағандары үшін «Алтын орда» ресторанына, «Аппетит» асханасына.

Сонымен қатар, барлық талап бұзушыларға әкімшілік жазамен қатар, бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар берілді.