Карантин талаптарының орындалуы мониторингтік топтардың бақылауында

Карантин талаптарының орындалуы мониторингтік топтардың бақылауында

      Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Жамбыл облыс «қызыл» аймақта. Ауруханалардың 63%  төсек-орыны  бос емес. Бүгінгі таңда  2265 науқас ауруханаға жатқызылды. Ауру жұқтырудың ықтималдығы жоғары орындар қатарында  отбасы мүшелерінің базарларға, сауда объектілеріне баруы (сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, дәріханалар), қоғамдық көлікті жиі пайдалану және отбасылық іс -шаралар (той, құдалықтар және басқалары) жиі кездеседі. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында карантин кезеңінде жұмыс істейтін объектілердің санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. 38 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы,, құқық қорғау және тағы басқа органдарының өкілдері кіреді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бері мониторингтік топтар карантин талабын сақтамаған 846 объектіні анықтады. Объектілердің барлық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ескертулер берілді. Тексеру нәтижесі және мониторингтік топтардың санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолдаған материалдары негізінде 85 миллион теңгеден астам сомаға 724 айыппұл салынды.

      Жамбыл облысында 74 кәсіпкерлік объектілерінде карантиндік шараларды қасақана бұзу фактілері анықталды. Негізгі құқық бұзушылықтар: 67 қоғамдық тамақтану субъектілері (мейрамханалар, кафелер, банкет залдары, кафе-барлар), 3 компьютерлік клуб, 2 сауда объектісі, 1 лото клубы, 1 балалар ойын-сауық орталығы. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салынып, 271 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Негізгі талап бұзушылықтар: ұжымдық шаралар, жұмыс кестесінің бұзылуы, қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының болмауы, ара қашықтық пен дезинфекция режимін сақтамау. Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының тексерулері бойынша экономикалық мамандандырылған соттың қарауына Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша 21 материал ұсынылды. Сот шешімімен 15 нысан қызметін тоқтатты: Salvador, MFachiоn, GQ, Koala кафесі, Марко Поло кафесі, Tropkana кафесі, Disco-80-90 кафесі, Toy duman мейрамханасы, «Гаугартас» мейрамханасы, «Golden Hall» мейрамханасы, « Park Palace »кафесі,« Самурай »ойын клубы,« Севинч »мейрамханасы.         

       Сонымен қатар, үй карантиніне оқшауланған науқас немесе індет жұқтырған адаммен байланысқа түскен адам оқшаулау шарттарын сақтауы керек. Үй карантинінің мақсаты – COVID-19 жұқтырудың алдын алу және вирус таралуын болдырмау. Яғни байланыста болған, асимптоматикалық вирус тасымалдаушы және басқа да отбасы мүшелері алдын алу шараларын сақтауы керек (жиі қолды сабынмен жуып, күнделікті дымқыл тазалауды жүргізіп, үй -жайларды желдетіп, медициналық бетперде киіп жүреді). Үй карантинін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Үй карантинінде отырған тұлға  үйден шықпауы, түшкіргенде немесе жөтелгенде аузы мен мұрнын жауып, бір реттік майлықпен қолдануы керек. Осыдан кейін қолын сабынмен жуып немесе спиртті антисептикпен залалсыздандырып, тығыз бекітілген  медициналық масканы үнемі киіп, әр 2 сағат сайын ауыстырып  отыруы қажет. Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен немесе спирт қосылған антисептикпен жуып,  жеке ыдыстарды қолдануы шарт.