Тыныс алу органдарының саулығы – еңбекке жарамдылықтың алғышарты

Тыныс алу органдарының саулығы – еңбекке жарамдылықтың алғышарты

      Кәсіптік ауру - зиянды өндірістік фактордың әсерінен пайда болатын аурулар. Кәсіби ауруларға тек кәсіби қызмет жағдайында кездесетін немесе белгілі бір кәсіпте жалпы халық арасында немесе басқа жұмыс топтарында жиі кездесетін аурулар жатады. Қарағанды облысы – өнеркәсіп саласы жоғары дамыған өңір, мұнда кәсіптік ауруларды тудыр қаупі бар өнеркәсіптік өндірістің барлық түрлері орналасқан. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды қағидаттарының бірі өндірістік процестің барлық кезеңдерінде қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын жасау болып табылады.

     Өндірістік процестерді механикаландырудың жеткіліксіздігі, ауыр физикалық еңбек, газдану, шаңдану, қолайсыз микроклимат, жұмыс орындарындағы шудың жоғары деңгейі,  жұмыс өтілінің ұзақтығы және жұмысшылардың зейнеткерлік жасының ұлғаюы (63 жастағы ер адамдар үшін зейнетке шығу, жерасты тобының орта жасының ұлғаюы), 60 жастан асқан жұмысшылардың табиғи ауруларының болуы (жалпы соматикалық аурулар) кәсіби аурулардың көбеюіне әкеледі. Шаңның әсерінен туындаған кәсіби аурулар (силикоздар, бронхиттер, антракосиликоздар, пневмокониоздар) - 23,7% құрайды. Тыныс алу органдарының кәсіптік ауруларының алдын алудың негізгі бағыттары -кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды үнемі жүргізу, өндіріс технологиясын өзгерту арқылы технологиялық іс-шаралар жүргізу, үздіксіз технологияларды енгізу, қол еңбегін алмастыратын өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру және қашықтан басқару жұмысшылардың басым көпшілігінің еңбек жағдайын жақсартады.

     Сонымен қатар, тыныс алу органдарының кәсіби ауруларының алдын алу үшін санитариялық шаралар атқарылуы қажет. Оларға шаң шығаратын бұрғылау жабдықтарының жұмыс аумағында оқшауланып бүркелуі, герметизация, жұмыс орнында ауа сору желдеткішін орнату және т. б. шаралар жатады. Шаңның шоғырлануын төмендетуге бағытталған іс-шаралар шаңның рұқсат етілген шектерге дейін азаюына әкелмеген жағдайларда жұмысшылар жеке қорғаныш құралдарын қолдануы қажет. Оларға шаңға қарсы респираторлы бетперделер жатады. Мұндай қорғаныш құралы зиянды заттардың түріне және олардың концентрациясына байланысты таңдалады. Сауықтыру іс-шаралары жүйесінде жұмысшылардың денсаулық жағдайына медициналық бақылау жүргізудің маңызы ерек. Кәсіптік ауруларды бастапқы кезеңде тексеру, жұмысшылардың денсаулық жағдайына қауіпті немесе зиянды өндірістік факторларды уақытылы анықтау, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу қызметкерлердің денсаулығын сақтауды және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Бұған профилактикалық медициналық тексерулер айтарлықтай ықпал етеді.