Сәйкессіздіктердің барлығы тағам өнімдерінен анықталды

Сәйкессіздіктердің барлығы тағам өнімдерінен анықталды

          Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шілде айында облыс аумағындағы сауда орындарынан  136 өнім сынамасын іріктеп, зертханалық сараптама жүргізді. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым бөлігі 72,8%   тағам өнімдері. Оның ішінде  отандық өнімдер- 10,3%,  Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 69,1%   және өзге елдерде өндірілгендері- 20,5%.

      Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 5 сынама техникалық регламент талаптарына сай болмай шықты. Оның ішінде 4 сынамада физикалық-химиялық көрсеткіштер және 1сынамада таңбалау талаптары сәйкес келмеді. Сәйкессіздіктердің барлығы тамақ өнімдерінен анықталды. Оның ішінде ет және құс еті өнімдері, кондитер өнімдері,  алкогольсіз сусындар бар.

      Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қортындысы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай келмейді деп танылған сынамалардың барлығы Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген. Кеден Одағының техникалық регламентіне сәйкес келмеген өнімдер бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР-ның  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқамалар берілді.