
Солтүстік Қазақстан облысында шет елдерден келген адамдардың арасында КВИ жағдайларының белсенді тіркелуі байқалады. Вирус жұқтыру негізінен Ресей Федерациясынан келген адамдар арасында тіркелуде. Мәселен, 2021 жылғы 9 тамызда Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы бақылау бекеттері арқылы 973 адам өткен (Жаңа жол бекеті арқылы - 423 адам, Қарақоға бекеті арқылы - 434 адам, Бидайық бекеті арқылы - 116 адам), жаяу жолаушылардың 729-ында ПТР-талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасы болған. Анықтамасыз келген 8 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға сынама алынды. 1 шетел азаматына республика аумағына кіруге тыйым салынды, себебі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтамасы болмаған.
2020 жылғы 6 қазан мен 2021 жылғы 9 тамыз аралығында Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 212 779 адам өтті. Оның ішінде жаяу жолаушы – 104 475 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. 5016 ҚР азаматы ел аумағына анықтамасыз келді және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. COVID-19-ға оң нәтижелі 313 адам анықталды, оның ішінде 39 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 274 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Сонымен қатар, 1081 шетелдік азаматқа COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамасының болмауына байланысты елге кіруге тыйым салынды. Шет елдерден COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен 6385 ҚР азаматы отанына қайта оралды. Оның ішінде 4671 – жаяу жолаушы және 1714-жүк тасымалдаушылар бар.