
Ел астанасында әр тәулік сайын орта есеппен 5 000 – 6 000 адам вакцина қабылдайды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын қамту үшін медициналық ұйымдарда 83 егу кабинеті және Mega Silk Way, Хан-Шатыр, Керуен, Абу Даби Плаза, Азия парк, Сарыарқа сауда ойын-сауық орталықтары мен Евразия сауда үйінің жанында 8 уақытша егу пункті жұмыс істейді. Барлық уақытша егу пункттерінің халықты иммундауға санитариялық-эпидемиологиялық рұқсаты бар. Сауда үйлеріндегі әрбір вакцинациялау пунктіне Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық емханаларды бекітті. Уақытша екпе пункттері вакцинацияны қажет ететін көптеген тұрғындарды қамтуға көмектесуде маңызды рөл атқарып жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда елордада жоғары тиімділік пен қауіпсіздікке ие вакцинаның 2 түрі бар - қазақстандық «QazVac» препараты және ресейлік «Спутник-V».
Ағымдағы жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша қала бойынша барлығы 363 050 адам бірінші компонентпен, 281 967 адам екінші компонентпен егілді. Жас құрылымы бойынша вакцина алғандардың негізгі тобын 20-дан 59 жасқа дейінгі адамдар құрайды, яғни олардың 92% - ы тиесілі.
Айта кету керек, уақытында қабылдаған вакцина өзіңізді және басқаларды аурудан қорғауға көмектеседі. Вакцинаны осы мезетте алу өте маңызды, өйткені жаңа «Дельта» штаммының пайда болуына байланысты, ол адамға жұқпалы және ағзаға тезірек әсер етіп, денсаулыққа қауіп төндіреді. Вакцина алмаған жандарды мүмкіндігінше тездетіп алуға шақырамыз. Ауру қайғылы аяқталмауы үшін саналы таңдау жасаңыз!