
Пандемия басталғаннан бері облыста КВИ жұқтырудың 18958 жағдайы тіркелді. Вирус жұқтыру дерегі негізінен облыс тұрғындары арасында анықталып отыр, сырттан әкелінген 453 дерек тіркелді, бұл жалпы ауруға шалдыққандардың 2,4%-ын құрайды. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр, соңғы 2 аптада облыста 2081 жағдай тіркелген.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,7 есе өсуі байқалады (1288-дан 2081 жағдайға дейін), өңір 12 шілдеден бастап «қызыл» аймақта орналасқан.
Барлық жағдайлардың 62%-ы эпидемиологиялық бақылау нәтижесінде анықталды. Бұл емдеуші дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадаларының кәсібилігін және олардың коронавирустың белгілерін уақтылы анықтап отырғанын білдіреді. Бұл науқасты қоғамнан дер кезінде оқшаулауға мүмкіндік береді.
Өткен тәулікте 158 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру белгілері бар 132 (83%) жағдай және ауру белгілері жоқ 26 (17%) жағдай анықталды.
Пандемия басталғаннан бері аймақтағы тіркелген вирус жұқтыру жағдайларының басым көпшілігі: жұмыс істейтіндер-33%, зейнеткерлер – 28%, жұмыссыздар– 16%.
Коронавируспен көбінесе 60 жастан асқан адамдар ауруда, олардың үлесі - 31%, 50-59 жас аралығында – 18%, 40-49 жас-13%-ды құрайды.
Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия кезеңінен бастап облыс бойынша КВИ-ға 403 910 зерттеу жүргізілді; оң нәтижелер үлесі - 4,6% (18958). Өткен тәулікте 1403 ПТР зерттеу жасалды.