
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологялық бақылау комитеті COVID-19 вирусының таралуын бақылау мақсатында барша ел аумағында арнайы зертханалар ашты және осы бағытта қызмет көрсетуге қабілетті нысандардың жұмысын ұйымдастырды.
Бүгінгі күні COVID-19 диагностикасы үшін тәулігіне жалпы қуаты 124 616 талдау жасай алатын 161 зертхана және биологиялық материал алу үшін 65 пункт жабдықталған. Оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары - 28, жеке зертханалар - 71, медициналық ұйымдардың 61 зертханасы бар.
Іске қосылған зертханалар пандемия басталғаннан бері 14 794 799 зерттеу жүргізді, оның ішінде ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен талдаулар саны 769 320. Бүгінгі күні жүргізілетін зерттеулер саны тәулігіне 71 мыңнан астам, зертханалардың жүктемесі 57,4% -ды құрайды.
100 мың тұрғынға шаққандағы зертханалар қуаттылығының республикалық көрсеткіші 655,5. Дәл осы тұрғындар санына шаққандағы зерттеулердің республикалық көрсеткіші 324,8 құрайды.
Ел тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында зертханалардың тізімі әр апта сайын жанартылып, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланатынын хабарлаймыз.