Қазақстанның батыс шекарасы тәулік бойы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға алынған

Қазақстанның батыс шекарасы тәулік бойы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға алынған

     Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседі. Көрші елмен шекарада 4 автоөтпел жұмыс істейді. Індет басталғалы бері шекарадағы барлық автоөтпелдерде санитарлық-карантиндік бекеттер орнатылған. Қорғаныш киімімен жабдықталған эпидемиологтар тәулік бойы қызмет атқарып, мемлекеттік шекара арқылы өткен жолаушылардың дене қызуын термометрия арқылы тікелей жанасусыз тексереді және сауалнама жүргізеді.

2020 жылғы 6 қазаннан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, автоөтпелдердегі санитариялық-карантиндік бекеттерде шекараны кесіп өткен жолаушыларда берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың бар-жоғы тексеріледі.

2021 жылдың 1 тамызынан бері Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпелдер арқылы Батыс Қазақстан облысына барлығы 7172 адам өтті, оның ішінде 2690-ы – жолаушы, COVID-19 бойынша теріс нәтижелі ПТР анықтамасынсыз - 154 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР  әдісімен COVID-19-ға тест алынды, тест қорытындысының ешқайсысында оң нәтиже анықталмады.

БҚО арқылы өтетін 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны - 2422. Оның ішінде 279 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында ПТР тест 1 адамда оң нәтиже көрсетті.