Карантин мен айыппұлды ескермей той өткізгендер анықталды

Карантин мен айыппұлды ескермей  той өткізгендер анықталды

        Жыл басынан бері Түркістан облысында 635 той анықталған.  26 - 30 шілде аралығында полиция қызметкерлері мен мобильді топтар  жасырын өткізіліп жатқан 115 тойды тоқтатты. Оның 84-і мейрамханада ұйымдастырылса, қалғаны  жеке үйлерде өткізілген.

Облыс эпидемиологтары өңірдегі жағдайдың күрделенуін тойдың тоқтамауымен байланыстырып отыр.   Жыл басынан бері  COVID-19  жұқтырған 5754 жағдай  тіркелсе, 12 адам ауыр індеттен көз жұмды. 23-29 шілде  күндері коронавирус жұқтыру көрсеткіші   832 ден 928 жағдайға жетіп,  аурушаңдық  10,4%  артқан.

Мамандар карантин талабын сақтамаудың соңы   аурудың өршіп,  өлім жағдайының  көбеюіне алып келуі мүмкін деп дабыл қағуда.  Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін   37 тойхананың ісі сотқа өтіп, оның 25-ін 1 айға жабу  туралы сот шешімі шыққан. Алайда, сот шешімінің мерзімі аяқталған соң, кейбір мейрамханалар  той өткізуді қайта жалғастырған. 

Карантин режимін бұзып жұмыс жасаған объектілер мен жеке тұлғаларға 3500-ге жуық хаттама толтырылып, жалпы соммасы 200 млн теңге айыппұл салынды.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!  Карантин талаптарын  қатаң сақтауды сұраймыз! ​​​​​​​​​Міндетті түрде бетперде режимін сақтау, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау, әлеуметтік ара-қашықтықты қадағалау керек екендігін еске саламыз!