Алматыда бетперде тақпаған тұрғындармен күрес жүргізілуде

Алматыда бетперде тақпаған тұрғындармен күрес жүргізілуде

        Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылданып отыр. Вирус жұқтырудың ықтимал орындарының арасында (сауда нысандары, нарықтармен қатар) қоғамдық көліктердің үлесі 16%-ды көрсетті. Сол себепті осы сегментте арнайы мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Қалада коронавирус жұқтырғандар саны өсті. Ғимарат ішінде және қоғамдық көлікте вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан карантин кезінде жолаушылар бетперде режимін сақтауы керек.

Қаланың барлық аудандарында мониторингтік топ өкілдері қоғамдық көлік пен автобус аялдамаларын тексерді. Тексерушілер жолаушыларды және автобус пен троллейбус жүргізушілері бетперде тағып жүруін қадағалап, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алматы аумағы арқылы жүретін 100-ден астам автобусқа мониторинг жүргізілді. Мониторинг топтар 30-дан астам талап бұзушылықты анықтады. 14 жеке тұлғаға қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бетперде режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Алматыда COVID-19 таралуы аса күрделі күйінде қалып отыр. Өткен тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 1043  жағдайы тіркелді. Коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатудың жалғыз әдісі – вакцинация. Алматыда 167 екпе пункті жасақталған. Қала тұрғындарын карантин режимін барынша жауапкершілікпен сақтауға шақырамыз: адам көп жиналатын орындарға бармау, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ вакцина мәселесін кейінге қалдырмаудың маңызы ерек.