Шахтерлардың кәсіби ауруларының алдын алу

Шахтерлардың кәсіби ауруларының алдын алу

Көмір өнеркәсібі – жер асты тәсілімен кен өндіретін, кәсіби аурулар таралу қаупі бар өнеркәсіп саласы.

     Шахталарда ауаның аса ылғалды және желді жағдайында жұмыс істейтін кеншілерге суық тию ықтималдылығы жоғары. Мұндай физикалық дене күшін талап ететін еңбек жағдайы,  шаңды орта пиодермияның пайда болуына ықпал етеді.

Жұмыс беруші терінің іріңді ауруларының алдын алу мақсатында тиісті еңбек жағдайын қамтамасыз етуі, қызметкерлердің денсаулығын бақылауды ұйымдастыруы (алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер, диспансерлік бақылау топтары, мақсатты медициналық тексерулер және т. б.),  өндірістік қорғаныс құралдарын және жеке қорғаныс құралдарын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкерлерді олардың денсаулығына төнген қауіп туралы ескертуі, тиісті қорғану жолдары мен аурудың алдын алу шаралары туралы хабардар етуі, салауатты өмір салтын насихаттауы (дене шынықтырумен және кәсіби бағдарланған спорт түрлерімен айналысу) және сауықтырудың басқа да түрлерін дәріптеуі тиіс.

Іріңді ауруларға жол бермеудің аса маңызды қадамы жұмыс орында терінің жарақаттанған орындарын бірден дезинфекциялық ерітінділермен  өңдеу.

Жұмысқа шығар алдында теріге қорғаныш майлар жағу, жұмыс күні аяқталған соң  арнайы эмульсия немесе сода ерітіндісін қолдану орынды.

Жеке гигиена және қауіпсіздік талаптарын сақтау да аса маңызды. Қол жуғанда арнайы жуыну заттарын пайдалану қажет.  Қолды жеңілдету үшін құм, ағаш үгіндісі, керосин, бензин, ацетон тәрізді заттарды мүлдем қолдануға болмайды. Көмір өндірісі нысандарында қызметкерлердің жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауын қамтамасыз ету маңызды.

Тері ауруларының алдын алуға бағытталған жеке қорғаныс  тәсілдеріне теріні күтіп ұстау, сабындап жуу және киімді жиі ауыстыру жатады. Ал, өндірістік орында арнайы киім, қолғап, алжапқыш және т. б. құралдарды қолдану талап етіледі.

Пиодермияға жол бермеу үшін ағзаның қорғаныс функцияларын арттыруға бағытталған жалпы шаралардың (дене шынықтыру, спорт, таза ауада серуендеу, толыққанды ұйқы, тамақтанудың дұрыс режимі) маңызы ерек.

Оңтайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету және кәсіби, соматикалық сырқаттанушылықты болдырмау үшін жұмыс берушілер, қызметкерлер мен өзге де мүдделі тараптар өзара бірлесіп әрекет етуі қажет.