Түркістан облысында мониторингтік топтар  карантин режиміні сақталуы бойынша  үздіксіз бақылау  жүргізіп келеді

Түркістан облысында мониторингтік топтар  карантин режиміні сақталуы бойынша  үздіксіз бақылау  жүргізіп келеді

 

       Түркістан облысында бетперде режимін сақтамаған 2 418 азаматқа айыппұл салынды. Жыл басынан бері өсіммен санағанда 189 650 нысанға  мониторинг жүргізілді. Анықталған кемшіліктер негізінде 3 307 жауапты тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық  хаттамасы толтырылып, жалпы сомасы  189 182 035 теңге айыппұл салынды. Карантин  талаптарының сақталмауы бойынша қоғамдық орындарда бетперде кимеу жиі орын алып отыр. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 2 418 азаматқа айыппұл салынған. Сонымен қатар,  647 мерекелік жиындарды ұйымдастырушыға (оның 306-сы қоғамдық тамақтандыру орындарында), қаулыда бекітілген жұмыс режиміне құлақ аспаған   177 нысанға, дезинфекциялық жұмыстардың талабын сақтамау дерегі бойынша 24 және өзге де кемшіліктер бойынша 41 нысанға айыппұл салынған.

       «COVID-19» инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Түркістан облысының   Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген санитариялық-эпидемиялық  іс-шаралардың орындалуы бойынша мамандар кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.