
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында балаларға арналған 174 тауарды, оның ішінде 115 балалар ойыншығын зерттеді. Техникалық регламенттің (КО ТР 008/2011 "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламент") көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік 100 ойыншықта анықталды, бұл сатып алынған сынамалардың жалпы санының 66% - ын құрады. Барлық зерттелген үлгілерде тауардың таңбалануы тиісті талапқа сәйкес келмеді.
Өндірушілер арасында Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеу көрсеткіші: импорттық ойыншықтар – 99 өнім (сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санының 99%), отандық өндірістегі – 1 өнімді (1%) құрайды.
Анықталған сәйкессіздіктердің нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты талап бұзушылықтарды жою туралы 28 ұйғарым берілді. Берілген нұсқаулар бойынша кәсіпкерлік субъектілері тиісті талаптырды толық орындады.
Әрбір ата-ананың назарына, балаңызға ойыншық сатып алмас бұрын, бірінші кезекте таңбалауды мұқият зерделеңіз (ойыншықтың атауы, ойыншық жасалған ел, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, ойыншықтың жасалған шикізаты, қай жастағы балаға арналғанын көрсететін пиктограмма, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, ойыншықты пайдалану барысындағы қауіпсіздік шаралары, ескерту жазбалары). Күмән туындаған жағдайда, сатып алынған ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз.
Егер сіз ойыншықтардың таңбалаусыз және күмәнді сапада сатылғанына куә болсаңыз, азаматтық ұстанымыңызды танытыңыз! Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына хабарласыңыз.