
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті интернет желісінде fake жарияланымдарымен ҚР Бас кардиологының міндетін атқарушы Альфия Абишеваның азаматтардың белгілі бір санаттарына тегін дәрі-дәрмек берудің қажетсіздігі туралы мәлімдейтін мақаласының скриншоты таратылғанын хабарлайды.
Жүргізілген ішкі тергеп-тексерудің нәтижесінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтыны және жалған екендігі анықталды. Бұл fake сол беттің URL-нан оқырманға бағытталған, жарнамаланатын бір парақтық сайтпен тауарларға адамдардың назарын аударту мақсатында жасалған.