Ақтөбеде шектеу шараларын бұзатындар көп болып тұр

Ақтөбеде шектеу шараларын бұзатындар көп болып тұр

         Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1- тармағы бойынша анықталған бұзушылықтарға  35 397 795 теңге көлемінде 268 айыппұл салынды. Оның ішінде Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама бойынша жоспардан тыс 49 объектіге тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша  49 объектіге 6 879 105 теңге көлемінде айыппұл салынды, 49 ұйғарым берілді. Оның ішінде ұйғарым орындалмауы бойынша ҚР ӘҚБтК 462/3 бабымен 3 объектіге хаттама толтырылып,  қарау үшін сотқа жіберілді («Оскар» караоке клубы, «Греенд Хаус» бары және «Лото клуб»).

 Анықталған бұзушылықтардың қатарында мейрамханалар, кальян, караоке, лото, бильярд клубтары, моншалар мен сауналар, тағы басқа нысандар бар. Олар «Душа» караоке клубы, «Пинта» бары, «Старс» караоке клубы, «Мандарин» кафесі, «Борокко» караоке клубы, «Алтын» рестораны, «Асылжан» рестораны, «В-15» караоке клубы, Плейстейшн «Лига Чемпионов», «Мята» кальянный клубы, «Эльфан» пабы, «До Зари» караоке клубы, «Барбекю» кафесі, «Гранд хаус» кафесі, «Оскар» караоке бары, «Юрта» мейрамханасы, «Имериал» караоке бары және т.б.          

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусым күнгі №24 қаулысына сәйкес,  сауда үйлері мен сауда желілері, базарлар жұмыс күндері жұмыс жасауына рұқсат етіліп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауларына тыйым салынған болатын. Түскен материалдарға сәйкес, Ақтөбе қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  «Фирма Жандос и К» ЖШС-на қарасты «Достық», «Мечта КЗ», «Береке», «Астана» сауда үйлеріне (2 рет,жалпы  670910 теңге көлемінде), «Быткомлект» ЖШС-на қарасты «Мерей» сауда үйіне (2 рет,жалпы  670910 теңге көлемінде),  «Ақмаржан» ЖШС-на қарасты «Мега Шығыс» сауда үйіне (3 рет, жалпы  1006365 теңге көлемінде) ҚР «Әкімшіліктің  құқық бұзушылығы туралы» Кодексінің 425-бабының 1 тармағы бойынша  заңды тұлғаларға жалпы  2 348 185 теңге көлемінде  айыппұл салынды. Сонымен қатар бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар берілді.