Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері

Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері

       Ресей Федерациясы Үкіметінің 2021 жылғы 20 шілдедегі №1998-р Өкімімен РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р Өкіміне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесінен бастап Ресей Федерациясына мемлекеттік шекарадан әуе өткізу пункттері арқылы бару үшін Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдердің азаматтары «COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасы арқылы Ресей аумағына келгенге дейінгі күнтізбелік 3 күн бұрын тапсырылған ПТР-тестілеудің теріс нәтижесін ұсынуы тиіс.


«COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасын қолдану үшін келесі әрекеттерді кезеңділігімен орындау қажет.

-  тілді таңдау;
-  жақын орналасқан зертханаларды көру үшін геолокацияға қол жетімділікті қосу;
-  лицензиялық келісімнің шарттарын оқып, қабылдау;
-  жоспарланған сапар төлқұжатын сканерлеу;
-  жөнелтілетін және келетін елді белгілеу;
-  тестілеуден өту үшін зертхананы таңдау және қабылдауға жазылу;
-  зертханаға келген бойда зерттеу жүргізуге және нәтижелерді мобильді;      

-   қосымшада алуға келісімге қол қою;
-   қосымша арқылы келісімнен QR-кодты сканерлеу.

Зерттеу нәтижелері қосымшаға QR-код форматында түседі. Коронавирусты анықтау үшін жасалған тесттің теріс нәтижесін көрсететін QR-кодты ЕАЭО елдері бойынша сапар барысында бақылаушы органдарға талап бойынша көрсетуге болады.