
Бүгінгі таңда (22 шілде) Павлодар облысында «Ashyq» бағдарламасымен 712 нысан жұмыс істейді.
18 мамырдан 16 шілдеге дейін мониторингтік топтар 1081 нысанның жұмысымен танысты. «Ashyq» бағдарламасының қатысушылары арасында 8 объектіде шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің бұзылғаны анықталды.Олардың 5 - Павлодар, 3- Екібастұз қалаларында.
Бұзушылық фактілері негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 554 230 теңгеге хаттама құрастырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлермен пандемия кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау қажеттілігі туралы әңгімелесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар облысында «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін 67 нысанға «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 192 адамның енуіне жол берілмеді, оның ішінде 123 – қызыл, 69 – сары мәртебелі тұрғындар. 130 адам - Павлодар облысының, тағы 62 адам басқа өңірлердің тұрғындары болып табылады.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша оқшаулау қажеттілігі туралы талаптармен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулылар табысталды, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылып, 1 материал сотқа жіберілді.
Басқа облыстар тұрғындары бойынша анықталған бұзушылық фактілері жөніндегі ақпарат аумағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жолданды.