
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру мақсатында Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін цифрландыру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірленді.
Тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – СЭҚ АЖ) енгізу болып табылады.
СЭҚ-дан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға және мынадай бағыттар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді:
- Санитарлық-гигиеналық қадағалау;
- Эпидемиологиялық қадағалауды;
- Техникалық регламент;
- Талдау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қауіпсіз, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін уақтылы, өзекті, сенімді ақпаратты автоматты түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйені құру елдің барлық өңірлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды объективті талдау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша кәсіптік бағалау және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2023 жж.
Жобаны қаржыландыру көзі: мемлекеттік бюджет қаражатынан жоспарланады.
Жобаның құны: белгісіз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-19-98; al.dzhumanova@dsm.gov.kz Жұманова Әлия Қайратқызы.