«Ashyq» қосымшасы арқылы анықталған «қызыл» мәртебесі бар ақтөбеліктер жауапқа тартылды

«Ashyq» қосымшасы  арқылы анықталған «қызыл» мәртебесі бар ақтөбеліктер жауапқа тартылды

      «Ashyq жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау.

«Ashyq» жобасы Ақтөбе облысының аумағында 14-сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні, Ақтөбе облысының 930 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 920-сы өз нысанына меншікті QR-код жүктеп алды. Жобаға қатысушы нысандардың барлығы қызмет көрсету саласын қамтып отыр.  

Айталық, бағдарлама енгізілгеннен бастап, өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 134 адам және «қызыл» статусы бар 70 адам анықталған. Үстіміздегі жылдың 12-16 шілдесі аралығында 21 «қызыл» статусты және 13 «сары» статусты тұрғын анықталды. Ақтөбе қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысы шығарылып, 52 «сары» статусы бар тұрғынға ескерту жасалды.

Қызыл» статусы бар 5 жеке тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425 бабы 1 тармағымен әкімшілік шара қолданылып, 218 775 теңгеге айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда, «Ashyq» жобасына қатысу үшін Аitu және Kaspi.kz платформаларын да қолдану мүмкіндігі ұсынылған.