
Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде кәсіпкерлік нысандарының карантинді бұзуын анықтау бойынша жұмысын жалғастыруда. Көбінесе жұмыс режимін сақтамайтын, қарапайым санитарлық нормаларды елемейтін мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, осылайша халық арасында қауіпті вирустың одан әрі таралуына ықпал етеді. Өткен тәулікте, 18 шілдеде қалада карантиндік шектеулерді бұзған 13 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Есіл ауданының мониторингтік тобы жұмыс режимін бұзғаны, әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны, сондай-ақ персоналдың бетперде кимегені үшін "Текила" лаундж-барын әкімшілік жауапкершілікке тартты. "Lavash food" фастфуд мекені түн ортасынан кейін жұмыс істеді. Сонымен қатар, белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан "Алуа" кафесі, "Белес" мейрамханасы, "Cotton" дүкені, сондай-ақ Сарыарқа ауданында "Hot2be" караокесі, "Арман Қала", "Самал", "Мирас" мейрамханалары, "Цезарь" кафесі және "Champ" ойын клубы жұмысын заңға қайшы жалғастырды. Байқоңыр ауданында "Cotton" және "Kids vau" дүкендерінде әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимі сақталмаған. Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Еске сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. COVID-19 індетін жұқтырғандар саны артып келеді. Мәселен, өткен тәулікте елордада 1300-ден астам коронавирус жағдайы анықталды. Осыны ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына, кәсіпкерлік объектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.